∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Шоңбай Жұбанұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әлқуат Қайнарбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
917/7
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.26; Ж.29 20х30; 10х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолдан тігілген сары дәптерге машинкада жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Шежіреде қазақтың Наурыз, Алаш деген екі ұлы туралы сөз болды. Наурыз ұрпақсыз дүниеден өтеді. Сондықтан Наурыздың қайтқан күніне арнап жыл сайын көктемде ас беріліп, жыл басын «наурыз» деп атаған деген дерек келтіреді. Жыршы «жүз» деген атаудың түп төркіні туралы да айта кетеді де, үш жүздің руларына жеке-жеке жырлайды.
13. Басы:
Жараттың жанның бәрін Жаппар Халық
14. Соңы:
Өткен күн, жеткен жедел дәуір едің
15. Қосымша мәлімет
Ақынның берген мәліметі бойынша шежіренің негізгі нұсқасын 1876 жылы қажыға барғандар (Құнанбай, Мырқы, Шабдан, Досжан қазіреттер) Меккеден әкелген. Қайқыұлы Бекжан деген кісі қарасөзбен жазылған шежірені Шоңбайға тапсырып, өлеңмен жырлауын өтінген. Жыр-шежіре 1945 жылдан бастап елге тарай бастайды.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова