∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Темір сандық
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Қыпшақ тайпасының Көлденең руынан тарған Жармағамбет қажының баласы Сахи да әкесінің жолын қуып, Түркістанға барып қайтуды әдет қылған екен. Бір күні Түркістаннан келе жатса, алдынан Қойшыбай кездесіп, сәлем берсе қолын бермейді. Қойшыбайдың мас екенін айтып, өлгенде жылан шағатынын айтады. Қойшыбай Мәсәлім молдаға барып, Сахидың айтқан сөзін жеткізеді. Мәсәлім: «Құдайға құлшылық жасап, мешітке барсаң, Құдай күнәңді кешірер»,− дейді. Бір күні қарттар жиналып отырғанда Қойшыбай жыланнан аман қалудың әдісін тапқанын, өлгенде өзін темір сандыққа салып, аузын мықтап құлыптап көмулерін өтініп, Сахиды мазақ етіпті.
Қолжазбаның атауы
Баян, Ноян
Қолжазбаның жанры
Поэма
Қысқаша мазмұны
Абылай хан қалмақтарға қарсы жорыққа дайындалып, ордаға батырлар мен билерді жинайды. Олардың арасында шешен Қанай, би Толыбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанатай, Сары Малай, Жәнібек, Елшібек, Оразымбет, Жәпек батырлар болады. Қанайды Абылайға жауға аттануға дайын екендіктерін білдіруге жібереді. Абылай хан: «Болаттай қайнаған Баянсыз қанатым жоқ сияқты», – деп Баян батырды күтеді. Баян батыр тұтқынға түскен қалмақ қызын қарындасындай көреді. Оның інісі Ноян қызға ғашық болады, қыз туған еліне оралуды армандап, Ноянды өзімен бірге кетуге көндіреді. Мұны естіген Баян олардың соңынан қуып жетіп, екі жасты өлтіреді.
Қолжазбаның атауы
Батыр Баян / باتىر بايان
Қолжазбаның жанры
Дастан
Қысқаша мазмұны
Алыстан қытай, орыс, жақыннан қалмақ шауып, елдің тыныштығын бұзады. Абылай хан қалмақтарға қарсы жорыққа дайындалып, ордаға батырлар мен билерді жинайды. Олардың арасында шешен Қанай, би Толыбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанатай, Сары Малай, Жәнібек, Елшібек, Оразымбет, Жәпек батырлар болады. Қанайды Абылайға жауға аттануға дайын екендіктерін білдіруге жібереді. Абылай хан: «Болаттай қайнаған Баянсыз қанатым жоқ сияқты», – деп Баян батырды күтеді. Баян батыр тұтқынға түскен қалмақ қызын қарындасындай көреді. Оның інісі Ноян қызға ғашық болып, екеуі бірге қашып кетеді. Қыз туған еліне оралуды армандап, Ноянды өзімен бірге кетуге көндіреді. Мұны естіген Баян олардың соңынан қуып жетіп, ел намысын жоғары қойып, екеуін де өлтіреді.
Қолжазбаның атауы
Нұрпейіс қайтыс болыпты
Қолжазбаның жанры
әңгіме
Қысқаша мазмұны
Ертеректе өзі дәулетті Нұрпейіс деген қарт болыпты. Балаларына: «Мен қайтыс болғанда алты болыс елді шақырыңдар» деп өсиет еткен. Бұл хабар көрші ауылдарға жайылса керек. Бір қу жігіт бір күні бір шалға «Нұрпейіс қайтыс болыпты» деп айтып, жүріп кетеді. Әлгі шал тездетіп ауылына барып, бір-екі көршісіне хабарлап, түнделетіп Нұрпейістің үйіне қарай аттаныпты. Жолда Нұрпейістің ішігін, мәсісін т.б. киімдерін меншіктеп бөліске салыпты. Бұлар күн шыға Нұрпейістің үйіне жақындағанда бір атты жігітке жолығып, мән-жайды айтып, ол Нұрпейістің жаңа ғана базарға аттанып кеткенін айтады. Бұлар төбелерінен тас түскендей болып, құлақтарын үсітіп, өз ауылдарына әрең жетіпті дейді.
Қолжазбаның атауы
Мал таңдау
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Тағы бірде әлгі аңқау соғымға жылқы алғалы базарға барады. Көп жылқының ішінен қара бие аңқауға семіз көрінеді. Сол жерде малды жете танитын айлакер досын кездестіреді. Айлакердің сөзіне сенген аңқау арық биені сатып алып сояды.
Қолжазбаның атауы
Қыз көретін жігітті біз көрейік
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Бір сері жігіт үйленуге қыз таңдап, ешкімді жақтыра қоймапты. Өзі Балқашты мекендейтін сарыүйсіндердің жігіті екен. Ақыры Қудағы қаракесек, шаншар ауылдарының біріне келеді. Мұнда бір орта шаруа адамының төрт қызы бірдей сұлу, шешен екен. Жерлес жігіттер қанша қызығып, құмартса да өнер асыра алмай, сөз айта алмай жүріпті. Үйсін жігіт қонған үйінің иесі жөн сұрағанда: «қыз көрейік деп едік» десе керек. Шаншардың төрт сұлу қызы оны түнде естіп, таңертең «қыз көретін жігітті біз көрейік» деп, қонақтар ақ отауда отырғанда өздері кіріп келеді. Төрдегі серіні байқаса, мұрны қоңқақ, жағы сопақтау екен. Осыны байқаған төрт қыз жігіттің мұрнының қоңқақтығын әсірелеп, өлеңмен айтып қағытады. Мұны естіген сері жігіт қыз көрмек түгілі ұялғанынан сөз таба алмай, еліне қайтып кетіпті.