∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұрпейіс қайтыс болыпты

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұрпейіс қайтыс болыпты
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Е.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1122, 4-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 3, парағы — 3, жол саны — 20, 20х17; 17,5х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Ертеректе өзі дәулетті Нұрпейіс деген қарт болыпты. Балаларына: «Мен қайтыс болғанда алты болыс елді шақырыңдар» деп өсиет еткен. Бұл хабар көрші ауылдарға жайылса керек. Бір қу жігіт бір күні бір шалға «Нұрпейіс қайтыс болыпты» деп айтып, жүріп кетеді. Әлгі шал тездетіп ауылына барып, бір-екі көршісіне хабарлап, түнделетіп Нұрпейістің үйіне қарай аттаныпты. Жолда Нұрпейістің ішігін, мәсісін т.б. киімдерін меншіктеп бөліске салыпты. Бұлар күн шыға Нұрпейістің үйіне жақындағанда бір атты жігітке жолығып, мән-жайды айтып, ол Нұрпейістің жаңа ғана базарға аттанып кеткенін айтады. Бұлар төбелерінен тас түскендей болып, құлақтарын үсітіп, өз ауылдарына әрең жетіпті дейді.
13. Басы:
Ертеректе Нұрпейіс деген қарт болыпты. Өзі ауқатты тұрыпты.
14. Соңы:
Ақыры қол-аяқ, құлақтарын үсітіп, араға бір қонып, олар үйлеріне зорға жетіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек