∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Темір сандық

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Темір сандық
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов М.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.910/2
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, жол саны — 29, 28,8х19; 9х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Қыпшақ тайпасының Көлденең руынан тарған Жармағамбет қажының баласы Сахи да әкесінің жолын қуып, Түркістанға барып қайтуды әдет қылған екен. Бір күні Түркістаннан келе жатса, алдынан Қойшыбай кездесіп, сәлем берсе қолын бермейді. Қойшыбайдың мас екенін айтып, өлгенде жылан шағатынын айтады. Қойшыбай Мәсәлім молдаға барып, Сахидың айтқан сөзін жеткізеді. Мәсәлім: «Құдайға құлшылық жасап, мешітке барсаң, Құдай күнәңді кешірер»,− дейді. Бір күні қарттар жиналып отырғанда Қойшыбай жыланнан аман қалудың әдісін тапқанын, өлгенде өзін темір сандыққа салып, аузын мықтап құлыптап көмулерін өтініп, Сахиды мазақ етіпті.
13. Басы:
Қыпшақтың Көлденең ұлынан тараған Қарақыз руы Жармағанбет қажының Сақи деген баласы Қойшыбаймен құрдас болса керек.
14. Соңы:
Сонда жылан мені шаға алмайды, – дейді Қойшыбай. Қолтаңбасы. Жинаушынікі.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек