∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Баян, Ноян

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Баян, Ноян
3. Авторы (Айтушы)
Авторы — Мағжан Жұмабаев. Айтушы. Избаиров Аймұхаммед — Ұлы Отан соғысына қатысып, Отан қорғау жолында ауыр жарақат алып, бір аяғынан айрылған соғыс ардагері және майдангер. Ол сұрапыл соғыстан елге оралған соң, тағдырдың қиындығына қарамастан өмір сүріп, 65 жасында дүниеден өткен.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Избаирова Сәния. Қарамендин Сейітқали Ыдырысұлы (1913-1997) – ауыз әдебиетін жинаушы, Абай мұрасын насихаттаушы. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Әйтей ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Семей мал дәрігерлік техникумында оқыған. Жас кезінен ауыз әдебиеті үлгілерін, Абай шығармарын, ақын туралы аңыздар мен әңгімелерді жинаған. Көкбай Жанатайұлына қатысты ел аузында сақталған шығармаларды жүйелеп топтастырған. Ол Көкбай ақынның «Сабалақ», «Төрт төре», «Наурызбай – Фатима» дастандарын «Абылай» деген атпен жеке кітап етіп бастырып шығарды (1993). Қарамендин жинаған шешендік сөздер, халық ақындарының өлеңдері, билер айтыстары және басқа да ауыз әдебиеті үлгілері М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1954 жылы 7 наурызда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
881/1
8. Бет, жол саны, өлшемі
8; 18; 20,8х17; 18,8х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге қарындашпен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Поэма
12. Қысқаша мазмұны
Абылай хан қалмақтарға қарсы жорыққа дайындалып, ордаға батырлар мен билерді жинайды. Олардың арасында шешен Қанай, би Толыбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанатай, Сары Малай, Жәнібек, Елшібек, Оразымбет, Жәпек батырлар болады. Қанайды Абылайға жауға аттануға дайын екендіктерін білдіруге жібереді. Абылай хан: «Болаттай қайнаған Баянсыз қанатым жоқ сияқты», – деп Баян батырды күтеді. Баян батыр тұтқынға түскен қалмақ қызын қарындасындай көреді. Оның інісі Ноян қызға ғашық болады, қыз туған еліне оралуды армандап, Ноянды өзімен бірге кетуге көндіреді. Мұны естіген Баян олардың соңынан қуып жетіп, екі жасты өлтіреді.
13. Басы:
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға
14. Соңы:
Ерлерді ұмытса да, елді ұмытпас
15. Қосымша мәлімет
Жеке парақта тапсырған адамның жазған ескертпесі бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш