«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ - ақындар айтысы» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Саржан қыз бен Байдырақтың айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Қоңырат елінде Ыбырайдың ерке өскен Саржан деген қызы әрі домбырашы, әрі әнші болған екен. «Айтыста мені кім жеңсе, соған тием, жеңілсе ат-шапан айтып аламын», — деп жұртқа хабар таратады. Мұны естіген көп дәмелі жігіттер бар өнерлерін салып айтысса да жеңіліп қайтады. Бұл дақпырт Бағаналы еліне де жетеді. Бағаналының атақты ақыны Байдырақ та ат арытып, тон тоздырып Қоңырат еліне келеді. Ата-ана, ел ақсақалдарының алдында айтылған серт бойынша айтысқа түседі. Айтыс ұзаққа созылады. Жеңісе алмаған екі жағы жұмбақпен айтысады. Мысалы, жаңбыр, жұмыртқа, айна, дойбы, шахмат, ана құрсағы, махаббат, құрдастық, зұлымдық, ғылым-білім, шындық, адалдық сияқты адам өмірі мен тарбиғат құбылыстары жұмбақ айтыстарының арқауына айналады.
Қолжазбаның атауы
Ақын ноғай Нұрым мен қазақ баланың айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Айтыста екі жақтың ақындары да өз ұлтының жақсы жаөтарын мадақтап, кемшілігін мысқылдап әжуалайды. Ноғай ақыны өазаөтың қаласыз көшіп-қонып жүретінін, мәдениетке ұмтылмайтынын, байларының қайырымсыздығын, дінге орашолақтығын, қыз сатып, көп қатын алатындығын сынайды. Ал, қазақ ақыны ноғайдың қаласын мазақтап, саудагер тиын санайтынын, татар байларының ел аралап, молдалық құрып, елді алдап, еңбексіз мал табатыны шенейді.
Қолжазбаның атауы
Нұрым мен Әбубәкірдің айтысқаны
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Айтыс 1901 жылы өткен, дәстүрлі ақындар айтысына жатады. Ақынның екеуі де өз руын, батырларын, билерін мадақтайды. Бір-бірінің міндерін айтысады. Соңында Нұрым ақын жеңілгенін сезіп жауап қайтармай кетіпті.
Қолжазбаның атауы
Нұрым мен Ақмолланың айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Арқаға барып кездеме сатып жүрген Нұрым атты ноғай Мырзалы деген байдың ауылында Ақмолла ақынмен айтысады. айтысты бастайтын Нұрым. Бірінші сөзінен-ақ: «Қазақтың молдалары арам дейді, Береді не деп жауап алласына» — деп салмақты болғанына қарамастан Нұрым өз кезегінде халықтың кейбір жарамсыз әдет-ғұрпын сынайды. Ақмолла қарсы айтады, ақыры жеңеді.
Қолжазбаның атауы
Нұралы мен Мықан ақынның айтысқаны
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Шымкент қаласында Сиқым елінің жігіті Сейтжаппар Нұралы ақынды, Алшын елінен шыққан Қосай тілмаш Мықанды мақтап, бәспен айтыстырады. Нұралы өзінің жолы үлкендігін, білімділігін, жас ақындарға ұстаз екендігін айтады. Мықан: «Мен сізге кесе көлденең келмеп ем, қайта сырттан өзіңіз тиісіпсіз. Жоқ олай емес, бұл жолы шоқтығыңнан алып жөнге салармын», — дейді. Нұралы: «Арқадан ел қыдырып келіп, дәулеттің нәпақасын көріп, азығыңды теріп жүрсің, бай мен манапты мақтап, артынан еріп жүрсің. Күншілдік көрсеткен бақадай болып, жарылып жүрме», — деп ескертеді. «Болыстыққа таласқан жемқорлардың артынан еріп не марқадам ьабасың», — дейді. Он бір буынды қара өлең үлгісімен берілген. Басында, ая,ында қара сөзбен жазылған түсінігі бар.
Қолжазбаның атауы
Жанақ ақын мен Сабырбай ақынның қағысуы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Атақты Жанақ ақын Найманның Тума деген еліне келіп, ақындық өнерімен сол елдің инабатты кісісі Бармақ мырзадан ат-шапан, керек-жарағын алып тұрады. Бір кезде онан осындай қажетін ала алмай, біраз налып қайтып бара жатқанда, жол-жөнекей белгілі ақын. Сыбан Ақтайлақ бидің баласы Сабырбай кез болады. Екі ақын (Жанақ қобызбен, Сабырбай домбырамен) осы сапарында қағысып айтсады.
Қолжазбаның атауы
Ешмұхамбеттің Нағман сұлумен айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Айтыс 1929 жылы болған. Негізінде жастық, байлық, кедейлік туралы қағысады. Алғашында жұмбақ өлең айтылып, кейіннен өтірік өлеңмен де байқасады. «Жиырма жасқа келгенше бір өнер көрсетпей бойдақ жүрсің, маған қайтсең де тең келмейсің, сорың қайнап қалар», -деп кемсітеді қыз. Жігіт те қоймай: «Ұайтсем де сені алам. Бүрыннан-ақ алар едім, қашып жүрсің», -деп жабысады. «Әйел алғың келсе, шешеңді ал, кәрі бие жүрдек келер», -деп қыз қатты кетеді. Жігіттің тосып отырғаны да осы еді. «Маған тимесең, әкеңети», — деп жұрт алдында ұялтады. Әкесі қыз қасында отырған. Нағман сұлу ызадан жылап жібереді. Жұртшылық та, қыз әкесі де жігітті кінәламайды. «Балам, тоқта, кінә өзіңнен болды. Жолын бер!»-деп әділ төрелігін айтады.
Қолжазбаның атауы
Бейімбет ақын мен Бақтыбай ақынның айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Бұл айтыс 1916 жылы өткен. Айтысушылардың көзқарастары бір-біріне қарама-қарсы, өткені Бейімбет үстем таптың ақыны болса, Бақтыбай-бұқараның ақыны. Бейімбет Бақтыбайдың кедейлігін, жоқшылығын айтып кемітеді. Оған Бақтыбай: «Мен егінші болдым, орыс шаруаларынан үйрендім»,-деп халықының болашағын жырға қосып, Бейімбетті жеңеді. Бейімбет: «Екіншілей сізге қарсы өлең айтпайын, — деп, Бақтыбайдың батасын алыпты.