Николай Немков деген бақылаушы болады. Оның қолында үнемі қорғасыннан өзек салып, өгіздің жонтерісінен өргізген білеуіт қамшысы жүреді екен. Забойға түсті-ақ сол «құралын» қолданады. Барлық жұмысшылардың соңынан үздіксіз бақылау жүргізіледі. «Бас есепші Запевал деген есепшілікпен қоса тыңшылық жұмысты да жүргізеді. Ол кімнің не істеп жатқанын бақылап, не айтып жатқанын тыңдап тыным таппай жүгіретін де жүретін, егерде біреу-міреудің бастықтарға қарсы ұнамсыз сөздер айтып жатқаны құлағына шалынса-ақ қожайындарға жеткізеді… Ол адамға жазалаушы күттірмей-ақ жетіп келетін».