«АЙТЫС» айдарының архиві
Қолжазбаның атауы
Асан мен Балжан сұлу айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс, Қыз бен жігіт айтысы
Қысқаша мазмұны
1916 жылы Қарқаралы уезіне қарасты Қу ауданына қарайтын Шаншар еліндегі Асан Қыдырбекұлы Шұнақ тауының түбінде қонып отырған қалың елдің ішінде Балжан сұлумен кезігіп айтысады. Шойтас қызы Балжанды сөзбен бастырмалатып, айтыста жеңіп, кейін Балжанмен сөз байласып, ақыр аяғында Асан еліне алып қашады. Балжан сұлу Шаншар еліне келін болып түскенін өзі де аңғармай қалады.
Қолжазбаның атауы
Арсалаң мен қыздың айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Байғана-Тоқпақ деген елде үлкен той болып, халық Арсалаң мен Бекбауыл деген ақынды айтыстырмақ болады. Екі ақын да өлеңмен аз қағысып тоқтайды. Арсалаң ағасынан ерулік сұрайды. Той иелері ақын қызға хабаршы жіберіп алдырады. Екі ақын да әріптестерінің жай-күйімен сырттай танысып алған. Қыз келген жерден Арсалаңға тиіседі. Арсалаң тиіседі. Арсалаң ақын да бөгелместен қаруын қайтарады. Екеуі де ашына айтысады. Арсалаң кірекеш жайын, әуесінің арпа, бидай алғанын қыз бетіне салық қылады. Қыз ағалары қызынып, ақынды сабарманға келеді. Ақын халықты қорғалайды. Қыз: «Тіл тигізбес төреме тіл тигіздің, өлген жерің осы!» — деп салады. Арсалаң да дер кезінде оған сөз тауып, қыздың, қызды тоқтатады. Ағалары енді қызға ұрсып, шапанын Арсалаңға жабады.
Қолжазбаның атауы
Мөңкеден ақыл сұраған шаруа
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Тұрмысы орташа, екі баласы бар бір кісінің жасы қырықтан асқанда, әйелі қайтыс болыпты. Біраз уақыт әйел ала алмай жүреді. Оған себеп қыз алып, қалыңмал беруге күші жетпейді. Жесір әйел алайын десе, сиысып өмір сүріп кете ала ма, ол да белгісіз. Осы ойлармен жүргенде, есіне Мөңке би түседі. Мөңкенің аулына келеді. Келсе, Мөңке би атпен ел шетінде серуендеп жүр екен. Ат үстінде кездесіп, сәлемдесіп болғаннан кейін, Мөңке би жөн сұрайды. Мөңке аз ойланып, анадайда ойнап жүрген балалардың арасындағы ақ көйлекті баланы нұсқайды. Содан ақыл сұрау керектігін айтады. Шаруа аң-таң болып, сегіз жасар баладан ақыл сұрауды ерсі көреді, бармайын десе, би сырттан қарап тұр. Ақыры не де болса, көрейін деген оймен ақ көйлекті баланы жанына шақырып алады. Бала шаруаның сөзін тыңдап, жауап берген соң, шыбық атын бір салып, балаларға қарай шауып кетеді. Шаруа кісі аң-таң болып: «Бидің мені мазақтағаны ғой» деп ойлап, үйіне қайтпақ болып, жолға түседі. Мөңке қолын бұлғап шақырып алады да, баламен не сөйлескенін сұрайды. Шаруа ештеңе түсінбесе де, бала екеуінің арасындағы әңгімені тәтпіштеп жеткізеді. Мөңке «Жеңгеңді алсаң, мен білемін дегені – жеңгеңнің жолы үлкен, билікті соған беріп отырасың дегені ғой. Ал қыз алсаң, сіз білесіз дегені – барлық билікті сізге беріп отырады дегені. Енді аяғынан жүрген әйел алсаң, піштіру-міштіру деп шауып кеткені – аяғынан келген әйел сізге бағына қоймайды, егер қабақ шытысып қалсаңыз «әдіра қалғыр, маған қалың төлеп, малың күйіп пе еді» деп буыншақ-түйіншегін арқалап кетіп қалады деген сөзі» деп баланың сөзін түсіндіріп береді. Шаруаға ақыл берген бала атақты Ержан би болатын.
Қолжазбаның атауы
Мақтаншақ бай
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Бірде мақтаншақтау бір адамның үйіне жолаушы түседі. Үй иесі қонақтың көзінше балаларынан түйелерді жайғап-жайғамағандарын қайта-қайта сұрай беріпті. Мұны естіген қонақ үй иесі түйелі, бай адам екен деп ойлайды. Сыртқа шыққанда қараса, үй иесінің жалғыз інгені ғана бар екен дейді.