∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Арсалаң мен қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Арсалаң мен қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бейсетбек Бейсенбайұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958-1959 жылдар. Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Абай» совхозы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
360
8. Бет, жол саны, өлшемі
3, 30, 27X9,6; 25X9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тілдей қағаздың екі бетіне автоқаламен араб әрпінде жазылған. Қолжазба беттері ақ қағазға жапсырылып, тігіліп тысталған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Байғана-Тоқпақ деген елде үлкен той болып, халық Арсалаң мен Бекбауыл деген ақынды айтыстырмақ болады. Екі ақын да өлеңмен аз қағысып тоқтайды. Арсалаң ағасынан ерулік сұрайды. Той иелері ақын қызға хабаршы жіберіп алдырады. Екі ақын да әріптестерінің жай-күйімен сырттай танысып алған. Қыз келген жерден Арсалаңға тиіседі. Арсалаң тиіседі. Арсалаң ақын да бөгелместен қаруын қайтарады. Екеуі де ашына айтысады. Арсалаң кірекеш жайын, әуесінің арпа, бидай алғанын қыз бетіне салық қылады. Қыз ағалары қызынып, ақынды сабарманға келеді. Ақын халықты қорғалайды. Қыз: «Тіл тигізбес төреме тіл тигіздің, өлген жерің осы!» — деп салады. Арсалаң да дер кезінде оған сөз тауып, қыздың, қызды тоқтатады. Ағалары енді қызға ұрсып, шапанын Арсалаңға жабады.
13. Басы:
Бекем ау сен де матай, мен де матай
14. Соңы:
Құлық байтал секілді қуарған қарт
15. Қосымша мәлімет
Айтыстан басқа да өлеңдері және ақын өмірі туралы мәлімет бар
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова