«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР» айдарының архиві
Қолжазбаның атауы
Салмұр сұлу
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Шын Машын шаһарының патшасы Сақмарданның 20 жасында Марғау шаһарының патшасы Айнақұлдың жалғыз қызы Салмұр сұлуға ғашық болуы, Салмұр сұлудың ақылдылығының арқасында бір-бірімен қосылып мұраттарына жетуі, Сақмардан патшаның қасына ертіп барған қолбасшысы Ділмардың жай шаруа қызы Мүнайға ғашық болып, онымен үйленуі хикая етіледі.
Қолжазбаның атауы
Орманбет би
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертеде Орманбет деген кісінің сиқыршы ашына әйелі болады. Ол әйел Орманбеттің бәйбішесін бірде киік, бірде қарақұс етіп сиқырлайды. Киік түріндегі әйел бір мергеннің көмегімен адам түріне еніп, асқан сиқыршы болады да, ашына әйелді Орманбетпен қоса есек қылып жібереді, сөйтіп кегін алады.
Қолжазбаның атауы
Он бес сұлудың хикаясы
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Мысыр шаһарының патшасы Мақмұт алпыс төрт жасында ауыр сырқатқа шалдығады. Барлық дәрігерлер мен ғұламалар жиналып, оның ауруын емдеуге тырысады. Ақырында Шыңжаңдағы Суарданың қызы Рисал сұлудың ем болатыны анықталады. Патша Рисалды алдырып, оның емін қабылдап, ауруынан айығады. Рисал сұлудың ерекше сұлулығына қызыққан патша оған үйленеді. Алайда Рисалдың өзіндік шарты болады: патша оның үш тілегін орындауы керек. Патша бұл тілектерді қабылдайды. Рисалдың бірінші тілегі бойынша оның бес уәзірінің бірі Рашидке еркіндік беріледі. Кейін Рисалдың күйеуі қайтыс болып, Мұрқан атты ұлы таққа отырады. Мұрқан ақылды, ер жеткен жігіт болып, патшалықты басқарады. Хикаяда Мұрқанның және басқа кейіпкерлердің Самал, Жайпыр, Ғажап, Шекнар, Шакир, Сайлам, Сарығын, Майгүл, Анархан, Біләл, Амт, Шумасен, Жанар, Айқа атты он бес сұлуға байланысты оқиғалары баяндалады. Сұлулардың әрқайсысының ерге шығуы мен тағдыры жеке-жеке хикая етіледі.
Қолжазбаның атауы
Дау құрымай, нау құрымайды
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертеде Наудың Қаратау еліне барып жоғалтқан бір ешкісі жөнінде билерге берген жауабы және шақшасына тамыр болған адамына жапқан жаласы.
Қолжазбаның атауы
Шыңғыс хан туралы аңыз
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Ертеде бір ханның қызы буаз болып қалады. Хан өлтірмекші болғанда, анасы өлтіртпей, сандыққа салып, суға ағызып жібереді. Анасының бұлай істеуі алдын-ала жоспарланған іс еді. Сол тұста Домбауыл деген мерген болыпты. Анасы соған қызды құтқарып, адам көрінбейтін жерге кетуді, кейін жағдай ұмытыла бастаған соң, қайтып алып келуді тапсырады. Домбауыл сандықтағы қызды құтқарып, биік тауға шығып кетеді. Қыз күні жетіп босанады. Атын «Шың-құз» деп қояды. Кейінен хан өлген соң ханым хан болады. Сол кезде баяғы қызын, Домбауыл мергенді еліне оралтып, Шыңғысты хан сайламақшы болады. Сонда Домбауылдан туған екі бала хандыққа таласады. Сонда ханым бұларға кім садағын сағымға ілсе, сол хан болсын дейді. Сөйтіп Шыңғыстың атқан оғы сағымға ілініп, елге хан болады.
Қолжазбаның атауы
Шыңғыс хан туралы
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Ерте заманда Найман тайпасын билеген Қайып деген ханның Күнсұлу атты қызы болады. Қызын елден аулақ, ағаш үйдің ішінде ұстаған. Бірақ қызы себепсіз жүкті болғандықтан әкесі оны ағаш үйімен кемеге салып, ағызып жібереді. Мұны Асукей, Жебе деген мергендер ұстап, Күнсұлуды Асукей алады. Айы-күні жетіп босанған соң, баланы Асукейге көрсетпей бағады. Бала ес білген соң Бұлғыр тауға қашырып жібереді екен. Асукейден егіз-егізден төрт ұл табады. Кейін Майқы би Бұлғыр тауға іздеп барып, Шыңғысты хан көтеріп, елге алып келеді. Елге тыныштық бермеген төрт бауырын өлтіріп, өзі көршілес руларды жаулап алуға жорыққа аттанады.