∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Қобланды батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қыпшақ елінде сексен төртке келген Қыдырбай атты бай, алпысқа келген Ақзарбап деген әйелі болады. Елдің әкім-билері ұлсыз Қыдырбайды қорлап «қубас» деп мазақтайды. Бұл қорлыққа шыдамаған Қыдырбай Ақшаханның еліне көшіп кетеді. Ақшаханның еліндегі Алшағыр ханның (қалмақ ханы) әйелі асқан сұлу қыз туады, атын Құртқа қояды. Құртқаның туған тойына шақырған Қыдырбайды Алшағыр жігіттеріне айтқызып «қубассың» деп тілдетеді. Бұған қайғыланған Қыдырбай кері қайтады. Әйелі Ақзарбап Құдайдан бала тілейді. Тілегі қабыл болып, ұл туады, атын Қобланды қояды. Оның туған тойына Алшағыр да шақырылады, кейін ол Қобландыдан қауіптеніп басқа жерге көшіп кетеді. Қобланды ер жетіп, Алшағырдың еліне барады. Күйеу таңдаған Құртқаның көп шартын орындап, Құртқаға үйленеді. Құртқа Тобылғы меңді торы өсіріп, батырға тарту етеді. Қобландыдан қауіптенген Алшағыр Қобландыны Барсаханға әдейі аттандырады. Жолда Барсаның Домбауыл, Қаһарман секілді батырларымен кездесіп жеңеді. Ақырында Барсаның өзін жеңеді. Елін шауып кеткен Алшағырдан кек алып, ел-жұртын азат етеді.
Қолжазбаның атауы
قوبلاندى باتىر جىرى / Қобланды батыр жыры
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қолжазба толық, қара сөз аралас қара өлең және 7–8 буынды жыр үлгісімен айтылған. Бұл нұсқаның оқиғасы, жырдың өлең түрі Қ. Аманкелдиннен алынған «Қобланды батырды» қайталайды.
Қолжазбаның атауы
Қобланды батыр жыры
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Мұнда әңгіме Қобландының Қазанға қарсы аттанып бара жатқан жерін суреттеумен аяқталады. Жыр оқиғасы тақырып-тарауға бөлінбеген.
Қолжазбаның атауы
قوبلاندى باتىر جىرى / Қобланды батыр жыры
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Ер жеткен Қобланды Естемеспен бірге жылқы бағып жүріп, айдаһарға құрбандыққа берілгелі тұрған Көктім ханның қызы Құртқаны құтқарады. Көктім Аймақтың елі той жасап, Құртқаны Қобландыға қосады. Кейін Қобланды Қырық құлаш Қызыл ермен шайқасып, Қараманмен бірге қызылбастар еліне жорыққа аттанады. Одан әрі жырда оның Қазан хан мен Көбіктіні жеңуі және Алшағырдан кек алып, ел-жұртын азат етуі баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Қобланды батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қараман Қобландыны Қазанға қарсы жорыққа шақырады. Қобланды Тайбурылдың бабы келмегенін айтып, алғашында бас тартады. Алайда Қараманның сөзіне намыстанып, ел-жұртымен қоштасып, оның соңынан аттанады. Қобланды Қазан батырдың әскерін жеңгеннен кейін Қараманмен бірге Көбіктінің жылқысын айдап әкетеді. Көбікті екі батырды қолға түсіріп, зынданға салады. Қызы Қарлыға оларға көмектесіп, тұтқыннан босатады. Қобланды Көбіктіні жеңіп, Қарлығамен бірге қият еліне келеді. Қияттар жеңісті Қараманға теліп, той жасайды. Елеусіз қалған Қобланды түс көріп, Қарлығаның жоруынан елінің жау қолында қалғанын біледі де, оны азат етуге аттанады.
Қолжазбаның атауы
Қобланды батыр туралы жыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қобландының Қазан, Көбіктімен соғысып жеңуі, қияттардың Қараманды құрметтеуі суреттеледі. Қарлығаның Қобландының түсін жоруы және Қобландының өз елін жаудан қорғауға аттануы көрсетіледі. Жыр халық арасына көп тараған Марабай нұсқасына ұқсайды.
Қолжазбаның атауы
Қобланды батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Баласыз Тоқтарбай мен Аналықтың тілегі қабыл болып, Қобланды мен Қарлығаш дүниеге келеді. Ер жеткен Қобланды Қараманмен бірге Көкіләннің еліне барып, Қырық кез Қызыл ерді жеңіп, Құртқаға үйленеді. Құртқа Тайбурылды баптап өсіреді. Кейін Қобланды Қараманмен бірге Қазанға қарсы жорыққа аттанады. Одан әрі оқиға желісі Марабай жырлаған «Қобланды батыр» нұсқасына ұқсас өрбиді. Жыр Қобландының ел-жұртын Алшағырдың тұтқынынан босатып, қыпшақтарды Қараспанға қайта қоныстандыруымен аяқталады.
Қолжазбаның атауы
Қобланды
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Баласыздықтың зарын тартқан Тоқтарбай мен Аналықтың тілегі қабыл болып, Қобланды атты ұл мен Хансұлу атты қыз дүниеге келеді. Он үш жасқа толған Қобланды қалмақ ханы Даумаманның қызы Құртқаның шартын орындап, оған үйленеді. Құртқа Керқұла биеден туған Тайбурылды өзі бағып өсіреді. Алшағыр ханнан жеңіліп, тұтқыннан қашқан Қартқожақ бастаған Қырымның қырық батыры Қобландыдан көмек сұрайды. Қобланды олармен бірге аттанып, Алшағырдың Тәуке және Қарабек батырларын жеңеді. Алшағыр онымен өтірік достасып, Барсаханға қарсы жұмсайды. Қобланды Қаршыға, Шоңғара және Барсахан батырларды жеңіп шығады. Осыны пайдаланған Алшағыр Қобландының елін шауып, әке-шешесі мен қарындасын қорлап, Құртқаны әйелдікке алмақ болады. Елге оралған Қобланды Алшағырды өлтіріп, туған-туыстары мен ел-жұртын тұтқыннан азат етеді.