«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР» айдарының архиві
Қолжазбаның атауы
داريا مارس سۇلۋدىڭ كىلەمگە سالعان ورنەگى / Дария сұлудың кілемге салған өрнегі
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Бағдад шаһарының патшасы Арон Рашид өте шебер суретші, өрнекші өздеп табуға жарлық береді. Жағыпар уәзірдің жалғыз қызы Дария Марс сұлудың суретшілік-өрнекшілік даңқының шартарапқа тарайды. Ол барлық жан-жануарды тірідей, табиғат көркін дәл етіп кілем тоқыған. Арон Рашид бұл кілемді көріп, таң қалады. Арон Рашид сұлуды алмақшы болғанда қыз: «Егер мені әйелдікке алсаң, менің құрбым Орман сұлу екеумізді бірдей ал» деп шарт қояды. Көрші төрт патшалыққа Арон Рашид той жасайды. Күндердің күнінде Дария Марс ұл туып, атын Әбутәліп деп қояды. Орман сұлу да ұлды болып, атын Мағау Рашид қояды.
Қолжазбаның атауы
عانجابانۋ سۇلۋدىڭ كەستەلى ورامالى / Ғанжабану сұлудың кестелі орамалы
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Зубак шаһарынын патшасы Маран Тайырдың 30 жасқа келгенде туған кунін тойлайды. Әкелген сыйлықтардың ішінде әскер қолбасы Әлиқастын жалғыз қызы Ғанжабанудың алтын, жібек жіппен кестелеп тіккен қолжаулығы ерекше болады. Ол қолжаулық оң қолға ұстаса тоты құс болып сөйлеп, сол қолға ұстаса сандуғаш болы сайрайды. Бұл сыйлыққа патша қатты риза болып, Ғанжабануды іздейді. Барлық уәзір, қолбасшы, халқы болып, Ғанжабану сұлуды патшаға алып береді. Маран Тайыр патша заң тәртіптерін өзгертіп, әділдік жолға туседі. Құддұс шаһарының патшасы Қасен Бинаб соғыс жариялап, Маран Тайыр патша мен қолбасшы Әлиқас соғысқа стратегиялық дайындық жасайды. Соғыс майданында екі патша әскерлері соғысып, Қасен Бинаб патшасы қатты қырғынға ұшырап, қолға түседі. Оның жалғыз қызы Маринал сұлуды Сәуір батырдың алады. Маран Тайыр патшаның әйелі Ғанжабану жүкті болып, Маран Асқан атты ұл көреді. Ол ұл өсіп ер жетіп әскери өнерді, стратегияны жетік үйреніп үлкен қолбасшы болады. Шаһарзат сұлуды алып, керемет той жасайды. Зұмұтқа шаһарының патшасы Алқай соғыс жариялап, Зубак патшасы Маран Тайыр, оның ұлы Асқан, әскери қолбасы Маран Қас соғысқа дайындалады. Зумут патша қатты қырғынға ұшырап жеңіледі. Маран Қас батыр қалың қол бастап Зумут шаһарын басып алады. Зумут шаһарының патшасы Алқайдың Ғапура, Мабура атты екі қызын бірдей Маран Қас батыр әйелдікке алады. Маран Қас батыр осы әйелден үш ұл көріп, оларды Бағдат шаһарына оқытып, улкен ғалым дәрежесіне жеткізеді, сөйтіп барлық арман-мақсатына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Қазақ ертегісі Мұңлық-Зарлық
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Баяғы заманда он сан Ноғай елінде Шаншар атты хан өмір сүреді. Ол дәулетті, елге беделді адам болғанымен, қартайғанша перзент көрмейді. Қырық әйел алса да, ешқайсысынан бала сүймейді. Бір күні осыған қатты қиналған хан елге жар салып, өзіне ұл мен қыз туып беретін әйелді іздейді. Сол кезде ел ішінде кедей өмір сүріп жүрген Жәудір деген қарт балықшының Ханшайым атты қызы болады. Шаншар хан Ханшайымға үйленеді. Көп ұзамай Ханшайымның бір ұл, бір қызы дүниеге келеді. Ұлының аты — Зарлық, қызының аты — Мұңлық. Алайда ханның бұрынғы әйелдері Ханшайымды қызғанып, оның балаларымен бірге бақытты өмір сүруіне қарсы болады. Олар ханға түрлі сөз айтып, Ханшайымды жамандайды. Ақыры қызғанышқа берілген әйелдер ханның сеніміне кіріп, Ханшайымнан құтылудың амалын табады. Ханшайымның екі баласын жаулары Шөгірлі тауына апарып тастайды. Ал Ханшайымды екі баласынан айырып, дариядағы адам аяғы баспайтын аралға апарып тастайды. Осылайша ана мен бала бір-бірінен ажырайды. Зарлық пен Мұңлық тауда жалғыз қалады. Екеуі бір-біріне сүйеніп өседі. Уақыт өте келе Зарлық ер жетіп, батыр болып қалыптасады. Ол туған жерін, әкесін, анасын іздеуге бел буады. Зарлықтың көмегімен Ханшайым отырған арал табылады. Ол аралдан анасы Ханшайымды алып шығады. Осылайша ұзақ жылдар бойы бір-бірінен айырылған ана мен баланың қауышуы жүзеге асады. Кейін Мұңлық та әкесі мен анасына қосылады. Осылайша отбасы қайта бірігеді. Хан өзінің бұрынғы қателіктерін түсінеді. Зарлықтың ерлігі мен ақылдылығына риза болған Шаншар хан оған ел басқаруды тапсырады.
Қолжазбаның атауы
Төрт сұлудың ерге шығуы
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Аспан шаһарының патшасы Гаштастың Ижаз шаһарының патшасы Илиясқа «Тату көрші ел болып отыру үшін құдаласайық Әйтпесе, еліңді шауып, тағыңа от қойып, қызыңды күң, ұлыңды құл етемін» деп жазған хаты, жіберген елшісі, Аспан шаһарының патшасы Гаштастың бұл хатқа намыстанып, соғысқа дайындалуы, патша ұлы Бақыт Нөсір мен патша қызы Сәуір сұлудың өзара ақылдасып, екі патшалықты соғыстырмай, бірін-бірі сүйіп, той жасауы хикая етіледі.
Қолжазбаның атауы
Талапты жасқа атаның өсиеті
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертеде бір байдың жалғыз баласы болады. Бай баласын алыс сапарға жіберу үшін баласына жолдас іздейді. Балаға Қызыр жолдас болып кездесіп, оны көптеген қиыншылықгардан құтқарады. Ақырында балаға бір байдың жақсы қызын әперіп, бақытты өмірге жеткізеді.
Қолжазбаның атауы
Тазша бала
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертеде Қытай елінде бір хан болады. Ол бір күні түс көріп шешуін халқынан сүрайды, бірақ ешкім шеше алмайды. Ханның қызы түстің шешуін бір тазша балаға айтады. Тазша бала ханға барып шешуін айтады, бірақ ханнан қорыққанынан кім шешіп бергенін де айтып қояды. Хан қызын шақырып алып тазша балаға қосып, үйден қуып жібереді. Ақырында қыз ақылдылығымен тазша баланы әкесінің орнына таққа отырғызады.