∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Аушадияр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Аушадияр
3. Авторы (Айтушы)
Шығыс Түркістаннан келген қазақтардың айтуы бойынша жазып алған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ.Саттаров, Дина Сүлейменқызы.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1996 жылы Түркістан фольклор экспедициясы кезінде Түркістан қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/108 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П. 4; Ж. 96; 19,5х13; 10х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін қойын дәптерге көк сиямен жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Аушадияр.
12. Қысқаша мазмұны
Үйлену ғұрып фольклорының қатарына үйлену ғұрпына қатысты айтылатын, өзіндік саз-әуені бар, драмалық сипатта орындалатын өзіне тән поэтикалық түрі мен мән-мазмұны бар шығармалардың бір түрі – аушадияр. Аушадиярдың негізгі қызметі – қыз ұзатылатын кезде оған арнап айтылатын ғибраттық мазмұнында болса керек. Бұл жағынан ол үйлену салты кезінде айтылатын жар-жар, сыңсу, беташар сияқты жанрлық түрлермен мағыналық жағынан қабысып келеді. Мәтінде ұзатылып бара жатқан қызға ырым-тыйымдар мен, ғибраттық өсиеттер айтылған.
13. Басы:
Аушадияр бір болар, Жаманның көңілі кір болар.
14. Соңы:
Өнер іздер кезің сол, Білім үйрен, қалма кеш.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.