∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«МАУСЫМДЫҚ ФОЛЬКЛОР » айдарының архиві

Қолжазбаның атауы
Жарамазан
Қолжазбаның жанры
Жарапазан.
Қысқаша мазмұны
Бұрын-соңды жарияланбаған бұл мәтіннің кейбір жолдары қалыптасқан жаттанды шумақтардан құралған. Мазмұны жағынан ислам шарттарын уағыздау, үй иесін мадақтау сынды шарттылыққа құрылған. Аралас буынды қара өлең үлгісінде айтылады.
Қолжазбаның атауы
Мұсылмандығың құтты болсын!
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Құлыбекұлы Ахметтің қарт анасы Ұлдаш қайтыс болғанда көршілес елдегі қадірлес замандасы Бекмырзаұлы Мұхамбетрахым оған көңіл айтқалы келеді. Ахмет өзі қажы әрі діннен сауаты бар адам еді. Құран оқығаннан кейін Мұхамбетрахым Ахметке «Мұсылмандығың құтты болсын!» дейді. Бұл сөзді қажы кек тұтпайды. Отырған адамдар бұған таң қалысады. Осыған сәйкес Сыр елінде мынадай дәстүр бар екен: біреудің қарт атасы, иә анасы қайтыс болса, соны ренжітпей жөнелтсе, «мұсылмандығыңды сақтап қалдың, құтты болсын» дейді екен. Қажының бұл айтқандары жиналғандардың көңілінен шығыпты.