Диваев Әбубәкір (1856-1932) – этнограф, фольклортанушы. Ұлты – башқұрт. Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөлімін бітірген, 1876 жылдан бастап Түркістан өлкесіне әскери қызметпен келген. Тәшкен қаласында Әскери-халықтық басқармада қызмет еткен. Сол жылдардан бастап қазақтың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде жариялап отырған. Эпостық жырларды, ертегілерді, балалар фольклорын, шешендік сөздерді қағазға түсірді, кейбіреуін орыс тіліне аударды. Ежелгі күнтізбе, астрономия туралы халық ұғымдарын жинады. Ә.Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П.М.Мелиоранский, В.А.Гордлевский, В.В.Бартольд т.б. ғалымдар жоғары бағалады.