∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мұсылмандығың құтты болсын!

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мұсылмандығың құтты болсын!
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәжікеев М.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.828, 4-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 3, парағы 2, жол саны — 17, 20х16,5; 15х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Құлыбекұлы Ахметтің қарт анасы Ұлдаш қайтыс болғанда көршілес елдегі қадірлес замандасы Бекмырзаұлы Мұхамбетрахым оған көңіл айтқалы келеді. Ахмет өзі қажы әрі діннен сауаты бар адам еді. Құран оқығаннан кейін Мұхамбетрахым Ахметке «Мұсылмандығың құтты болсын!» дейді. Бұл сөзді қажы кек тұтпайды. Отырған адамдар бұған таң қалысады. Осыған сәйкес Сыр елінде мынадай дәстүр бар екен: біреудің қарт атасы, иә анасы қайтыс болса, соны ренжітпей жөнелтсе, «мұсылмандығыңды сақтап қалдың, құтты болсын» дейді екен. Қажының бұл айтқандары жиналғандардың көңілінен шығыпты.
13. Басы:
Құлыбекұлы Ахмет – қажы әрі дін тұрғысынан сауатты адам.
14. Соңы:
Ахаңның бұл сөзіне отырғандар ризалық білдірді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек