∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«АЙТЫС - Қыз бен жігіт айтысы» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Боздақ пен Ақбала айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Баяғыда әрі сері, әрі ер жігіт Боздақ бір байдың Ақбала деген сылқым қызына ғашық болады. Бай қызын кедей жігітке бермек түгіл, маңынан жүргізбейді. Бірақ саналы қыз жігіт қадірін танып, оның өнерін бағалап өзіне жақын тартады. Сөйтіп жүргенде арманына жете алмай, Ақбала қайтыс болады. Бұл кезде жігіт Ташкентке саудамен кеткен екен. Боздақ сүйген қызының қабірі басына барып өлеңмен тілдеседі. Қабір тасының үстінде Ақбаланың тақиясы тұрады. Жігіт оның қабірі екенін содан таниды. Қырғидың жалғыз қызы Ақбала екенін жырға қосады. Жігіт: «Дүниеде не тәтті екен», -деп сөз тастайды. «Сен сұрасаң, мәнісін мен айтайын, бәрінен тіршілікте ойнап-күлген жақсы екен», -дейді Ақбала. Амалы құрыған Боздақ қыз қабірімен мәңгілік қоштасып, үйніе қайтады.
Қолжазбаның атауы
Асан мен Балжан сұлу айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс, Қыз бен жігіт айтысы
Қысқаша мазмұны
1916 жылы Қарқаралы уезіне қарасты Қу ауданына қарайтын Шаншар еліндегі Асан Қыдырбекұлы Шұнақ тауының түбінде қонып отырған қалың елдің ішінде Балжан сұлумен кезігіп айтысады. Шойтас қызы Балжанды сөзбен бастырмалатып, айтыста жеңіп, кейін Балжанмен сөз байласып, ақыр аяғында Асан еліне алып қашады. Балжан сұлу Шаншар еліне келін болып түскенін өзі де аңғармай қалады.