∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Боздақ пен Ақбала айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Боздақ пен Ақбала айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәдиев Жұматай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 ж., август айы. Көкшетау облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
301
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 14-19; Ж. 20; 20X16; 18X15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптерге қазіргі қазақ әрпінде жасыл сиямен жазылған. Қолжазба жазылған дәптер түбінен желімделіп, ақ қағазбен тысталған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Баяғыда әрі сері, әрі ер жігіт Боздақ бір байдың Ақбала деген сылқым қызына ғашық болады. Бай қызын кедей жігітке бермек түгіл, маңынан жүргізбейді. Бірақ саналы қыз жігіт қадірін танып, оның өнерін бағалап өзіне жақын тартады. Сөйтіп жүргенде арманына жете алмай, Ақбала қайтыс болады. Бұл кезде жігіт Ташкентке саудамен кеткен екен. Боздақ сүйген қызының қабірі басына барып өлеңмен тілдеседі. Қабір тасының үстінде Ақбаланың тақиясы тұрады. Жігіт оның қабірі екенін содан таниды. Қырғидың жалғыз қызы Ақбала екенін жырға қосады. Жігіт: «Дүниеде не тәтті екен», -деп сөз тастайды. «Сен сұрасаң, мәнісін мен айтайын, бәрінен тіршілікте ойнап-күлген жақсы екен», -дейді Ақбала. Амалы құрыған Боздақ қыз қабірімен мәңгілік қоштасып, үйніе қайтады.
13. Басы:
Үш қайнаса қосылмас жез бен қола, Білген адам сөйлейді аузы тола.
14. Соңы:
Боздеке, сіз сұрасаң мен айтайын, Жастықта ойнап-күлген шын тәтті екен.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова