«МАУСЫМДЫҚ ФОЛЬКЛОР - Наурыз жыры» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Наурыз тойы
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Жеткіншектер поэзиясының бұл түрі наурыз мерекесіне орай балалар танымына лайықталып шығарылған. Өлеңде көктемгі табиғаттың түрленуі, наурыздың қазақша жыл басы екендігі, балалардың шат-шадыман көтеріңкі көңіл-күйі суреттеледі. Мәтін буыны мен бунағы әркелкі 4 тармақты төрт шумақтан тұрады.
Қолжазбаның атауы
Наурыз тойы
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Айтушы өз көзімен көрген наурыз тойының маңызын, мәнін ашуға тырысады. Қыз бен жігіт айтысынан мысал келтіреді. 1926 жылдан бастап Наурыз тойының тойланбағанын айтып, сол жылдардағы тарихи оқиғаларға тоқталады.
Қолжазбаның атауы
Наурыз тойы
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Наурыз жырының бұл мәтіні балаларға арналған. Көктемнің, наурыздың келгеніне масайраған балалардың қуанышы, олардың сол жақсы хабарды «алақайлап» жеткізуі айтылады. Өлең аралас буынға құрылған.