Жеткіншектер поэзиясының бұл түрі наурыз мерекесіне орай балалар танымына лайықталып шығарылған. Өлеңде көктемгі табиғаттың түрленуі, наурыздың қазақша жыл басы екендігі, балалардың шат-шадыман көтеріңкі көңіл-күйі суреттеледі. Мәтін буыны мен бунағы әркелкі 4 тармақты төрт шумақтан тұрады.