«Жарамазанның» бұл көлемді мәтінінде ислам діні мен шариғат мәселелері кеңінен насихатталады. Сонымен қатар өлеңде бата-тілек, ізгі ниеттер айтылады. Мәтін көлемді болғанымен, жыр құрылысы қарапайым, жаттауға жеңіл. Өлең төрт тармақты аралас буынды жолдардан тұрады.