∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
жоқтау
Қысқаша мазмұны
Шағын ғана үш шумақтан тұратын жоқтау мәтінінен бірге бауырын жоғалтқан адамның жырлары екенін түсінуге болады.
Қолжазбаның атауы
Көрісу
Қолжазбаның жанры
Ғұрыптық фольклор
Қысқаша мазмұны
Мәтінде ағайын-туыспен, ел-жұртпен көрісіп қоштасып, амандық-саулық тілескен көңіл назы айтылады. 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған.
Қолжазбаның атауы
Естірту
Қолжазбаның жанры
Ғұрыптық фольклор
Қысқаша мазмұны
Өлеңде өмірден өткен кісінің қаралы хабарын жеткізу мақсатында астарлап айтылған ой түйінделеді.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Ғұрыптық фольклор
Қысқаша мазмұны
Өмірден озған кісінің артынан жақсы сөздерін айтып, о дүниеде рахат көруін тілеген өлең шумақтары.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Ғұрыптық фольклор
Қысқаша мазмұны
Өлеңде дүниеден өткен жолдасының өліміне қайғырып, зарланып өлеңге қосып, іштегі қалған арман мен өкініш жайын айтады.
Қолжазбаның атауы
Мақаш туралы әңгімелер
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Мезгілсіз баласынан айырылып, қабырғасы қайысып отырған Мақаш правител ешкіммен сөйлесуге зауқы болмай отырғанда от ауызды, орақ тілді Әтембек би қабырғалы сөз айтып, мұңайып жатып қалған Мақашты орынан тұрғызып, әңгіме дүкен құрып, әзілдесіп отырады.
Қолжазбаның атауы
Қазақ халқының жоқтау жыры.
Қолжазбаның жанры
Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ғұрыптарының бірі жоқтау жырда өмірден өткен марқұмның тіршіліктегі елге еткен қызметін, жақсылығын, игілікті істерін айта келе, жыбырлаған тіршілік атаулының барлығының да өлімнен қашып құтыла алмайтын баса айтады. Сол себепті де тіріде пенденің қадіріне жетіп, сыйласып өтуді дәріптейді.