∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жоқтау өлеңдері

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жоқтау өлеңдері
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Құйқалақова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
954
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 3; Ж. 68. 27,5х19; 24х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
жоқтау
12. Қысқаша мазмұны
Қара өлең үлгісімен жазылған дәстүрлі жоқтаулардың бірі. Әкесін жоқтаған қыздың ата-анаға деген сағынышы, өтпелі өмірге деген өкініші жырланған.
13. Басы:
Тең-тең, тең шұбар
14. Соңы:
Жаңбыр жаумай сөндірді
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан. Қолжазбаның парақтары бір жерден ғана тігілген. Түптелмеген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова