∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Көрісу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Көрісу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бекхожина Талиға
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 жылы, Орынбор экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Ш. 262, 7-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.20 29х19.5; 22х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ түсті кеңсе қағазына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ғұрыптық фольклор
12. Қысқаша мазмұны
Мәтінде ағайын-туыспен, ел-жұртпен көрісіп қоштасып, амандық-саулық тілескен көңіл назы айтылады. 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған.
13. Басы:
Төр алдынан ор қаздым, Қамшы бір бойы жер қаздым.
14. Соңы:
Түн ұйқыңды төрт бөлген, Ақ сүтің қайтіп ақтайын.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның ақауы жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат