«БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Қазақ халқының бала жұбатуы
Жанры
Балалар фольклоры
Қысқаша мазмұны
Сәбиіне еміренген ананың бесіктегі баланы ұйықтату үшін әдемі ырғақпен, бесікті тербете отырып айтатын өлеңі. Өлеңде баланы бар жақсыға теңеп, болашағынан зор үміт күтетін арман-тілек айтылады. Аман-есен ер жетіп, еліне қызмет етер азамат болауын көксейді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Баланы қонақ күтуге байланысты тәрбие өлең шумағы
Жанры
Балалар фольклоры
Қысқаша мазмұны
Өлең мәтіні қонақ келгенде жас сәбиді жұбатуға арналған, кейбір жолдары бесік жырында келетін тұрақты тармақтармен айтылады. Өлең төрт тармақты, бес тармақты және көптармақты шумақтардан құралған. 7-8 буынды жыр үлгісінде келеді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Әлди
Жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
«Бесік жырының» бір нұсқасы болып саналатын бұл мәтін құрама шумақтардан тұрады. Мәтін мазмұнында ұл баланы уатумен қоса, батыр болсын деген тілек айтылып, бөбектің келешегіне зор сенім артады.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Қазақ халқының бала жұбатуы
Жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Атауы басқа болғанымен, негізінен «бесік жырының» бір түрі болып табылады. Баланың жан-жүйесіне сүйсінерлік жағымды әсер қалдыратын бұл мәтінде ананың сәбиіне деген ыстық махаббаты, ақ тілегі айтылады. Мәтін 7 буынды жыр үлгісінде келеді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Бесікке бөлердегі айтылатын өлең
Жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Айтушы баланы бесікке салу дәстүрінде айтылатын өлеңдер мен ырымдарды өз білгенінше баяндайды. Бірінші бесікке бөлердегі айтылатын өлең, сосын бесікті аластау өлеңі, бесіктен шешіп алғанда айтылатын төрт жол өлең. Нәрестенің тұсауын кесу кезінде айтылатын жырмен аяқтайды.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Бесік жыры
Жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Дәстүрлі бесік жырларының бірі. Жаттанды өлең ұйқастарымен қатар, «отыз қызды олжалап, алып келе жатыр, балам» деген сияқты жаңа өлең жолдары да кездеседі.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Бесік жыры
Жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Бесік жыры сұрақ-жауап ретінде айтылады. Өте қызықты, дидактикалық маңызы жоғары бесік жырларының бірі.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Бесік жыры
Жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Жырдың бастапқы шумақтарында ұйқастары әртүрлі. Айтушы жырдың біраз жолын ұмытып қалған сияқты. Мәтіннің соңы дәстүрлі бесік жырымен аяқталады.