∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бесік жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бесік жыры
3. Авторы (Айтушы)
Исабаев Асан
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қызылорда Педагогикалық институтының студенттері (1990 жыл).
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қызылорда Педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1062
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.16. 28х20; 15х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Бесік жыры
12. Қысқаша мазмұны
Бесік жыры сұрақ-жауап ретінде айтылады. Өте қызықты, дидактикалық маңызы жоғары бесік жырларының бірі.
13. Басы:
Балам менің қайда екен, Қыздарменен тауда екен.
14. Соңы:
Оның тұзын кім татар Жыламайтын ұл татар.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова