«БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ - бесік жыры» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Бесік жыры
Қолжазбаның жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Бұл мәтін 34 жолдан тұрады. Өлеңнің тармақтары шумақтарға бөлінбей берілген. Мәтінде «жілік шағып берейін», «байқасқаның құйрығын, жіпке тағып берейін», «ешкі сауып сүт берер», «қойға барсаң қошқар бар» деген сынды халық өмірінен сыр шертер этнографиялық өрнектер молынан кездеседі. Мәтін 7-8 буынды жыр үлгісінде келеді.
Қолжазбаның атауы
Бесік жыры
Қолжазбаның жанры
Бесік жыры
Қысқаша мазмұны
Ұлттық тәрбиенің бастауы саналатын бұл бесік жырының мәтіні небәрі он тармақтан тұрады. Өлеңнің кейбір жолдарындағы — ау шылауының тіркесе айтылуы сазды әуенмен астаса орындалатындығын айғақтайды. Өлеңде ананың, яки айтушының балаға деген ыстық мейірімі, ізгі тілек-ниеті көрініс тапқан.