∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бесік жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бесік жыры
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/56
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.34; 28х18; 22х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Бесік жыры
12. Қысқаша мазмұны
Бұл мәтін 34 жолдан тұрады. Өлеңнің тармақтары шумақтарға бөлінбей берілген. Мәтінде «жілік шағып берейін», «байқасқаның құйрығын, жіпке тағып берейін», «ешкі сауып сүт берер», «қойға барсаң қошқар бар» деген сынды халық өмірінен сыр шертер этнографиялық өрнектер молынан кездеседі. Мәтін 7-8 буынды жыр үлгісінде келеді.
13. Басы:
Жылама бөпем, жылама, Жілік шағып беремін.
14. Соңы:
Кемпір менен шалдардың, Ауыздары бүрісті.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова