∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Не деген күш десейші!

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Не деген күш десейші!
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жаманкөзов Әбеу
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы, 16 мамыр.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.432.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 1, парағы — 1, жол саны — 24, 29х20.5; 18х16,2
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
1917 жылдың март айы. Ол кезде қожайындар жер үстіне шығарылған көмірден жұмысшылардың көмір алып жағуына рұқсат етпейтін. Әркім өзі шахта ішінен арқалап алып шығуы керек. Сондықтан шахта астында жұмыс істемейтін жұмысшылар қырдағы көмірден ұрлап жағады. Көктайша ма не Күлдібай деген ұста үйінде жағайын десе отыны болмай, шахта басына барады да, көмірдің бір үлкен кесегін иығына қондырып алып келе жатады. Алдынан қожайынның итаршыларының біреуі шыға келеді де, оны көріп қалады. Байқаусыз өтіп бара жатқан кісінің тізесінен әлгі сұм таяқпен беріп жібереді. Өзінің арқалап әкеле жатқан көмірі аяғына түсіп, содан әлгі жігіт ақсақ болды. Жерге түскен көмірі екі жарылып түскен екен. Ертеңінде әлеуетті жігіттер әлгі көмірдің сынығының өзін орнынан қозғалта алмады. Жұрттың айтуына қарағанда, әлгі көмірдің ауырлығы 9 пұттай еді дейді. Не деген күш десейші! Бір жарым центнерді арқалап жүрген. Сол жылы Қарағандыда жұмысшылар советі құрылып, бастығы Никитин деген орыс болады. Никитин бастық болғаннан кейін бастығы Күлдібайды аяғынан ұрып құлатып жүрген Қара Иван дейтін орыстан есесін әперген екен.
13. Басы:
1917 жылдың ұмытпасам, март айы.
14. Соңы:
Никитин бастық болғаннан кейін бастығы Күлдібайды аяғынан ұрып құлатып жүрген Қара Иван дейтін орыстан құнын әперді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек