∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жоқтау

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жоқтау
3. Авторы (Айтушы)
Асқар Жолдыбаев, Үзіл Балманова
4. Жинаушы, тапсырушы:
М. Ақыбаева; Мәтжан Тілеужанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Маңғышлақ облысы, Аташ ауылында жазып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910/4
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; Ж.36; 21,5х20; 15х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Жоқтау
12. Қысқаша мазмұны
Жоқтау екі бөлімнен тұрады. Баланың анасын жоқтауы. Анамның көзі тірі кезінде аққу құс едім, анамнан айырылған соң шөлдегі бозторғай болдым дейді. Жан анасынан, жанашырынан айрылған баланың көңілінен шыққан мұң мен зардан туған бұл жоқтау өте әсерлі айтылған.
13. Басы:
Жан апам кетті сапарға, Сапардың дәмін татарға.
14. Соңы:
Қараңғы көрдің астында Қалайша ғана күн өтеді?
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек