«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-ПОЭЗИЯ» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Сауда ишан
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Маһалбай дейтін саудагердің Болат деген ұлы, Гүлжанат деген қызы болады. Саудагер Үрімші қаласына жол жүріп, екі баласын Сауда ишанға табыстайды. Дастанда Саула ишанның екі балаған жапқан жаласы, көрсеткен түрлі қорлығы айтылады..
Қолжазбаның атауы
Самның әйелі Мәлике
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Самның әйелі Мәликеден бір ұл туады. Шашы аппақ, басы тіп-тік, маңдайы бері, көзі ішке кірген, өткір отты. Аңға кеткен Самның алдынан шыққан кісі сүйіншіге көптеген аң алады. Бірақ жұрт ойлағандай той жасамайды.т Сам баланы көріп шошиды. Нөкерлеріне өлтіруге бұйырады. Елсіз бір жерге тастап кетеді. Жетім баланы жолбарыс емшек беріп асырайды. Оны Самұрық құс көріп, балаларына жегізуге алып келеді.
Қолжазбаның атауы
Салиха мен Сәмен
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Ясукей деген ханның Салиха атты қызы 16 жасында Сәмен деген жігітпен сөз байласады. Қыз әкесі разылық бермейді. Екі ғашық қашады. Дастан екі жастың өлімімен аяқталады.
Қолжазбаның атауы
Сағат пен Жалайдархан
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Құлдың баласы Сағат досы Жалайдарханды қиын жағдайдан құтқарып, ақырында оның сүйген қызына қосылуына көмектеседі.
Қолжазбаның атауы
Сағит пен Сағат
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Сағат Сағитты өзінің қарындасы Гүлжиһанға үйлендіреді. Ақырында екеуі де мұратына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Ошағанның бүлігі
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Жырда құл ретінде күн кешкен Ошаған деген жігіттің бостандыққа шыққаны, жары, екі баласымен бақытты өмір сүргені туралы жырланады.
Қолжазбаның атауы
Маңыбай
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Маңыбайдың моңғол-қырғыз манабы Шабжидың қызы Шарбікке үйленгені туралы жырланады.
Қолжазбаның атауы
ﻭﺶ ﺒﺎﺘﺌﺭ / Үш батыр
Қолжазбаның жанры
Тарихи жыр
Қысқаша мазмұны
Жырда керей руынан шыққан пірәдар Әбіл сопының үш ұлы – Ұлтарақ, Обырай және Әбубәкірдің өмірі мен ерлігі баяндалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ағайындылар елмен бірге Қытай жеріне ауа көшеді. Көш кезінде олар Жырғалаң өзенінің өткелін күзеткен қытайдың жиырма бес шерігін жойып, елдің аман өтуіне мүмкіндік жасайды. Осы оқиғадан кейін үш батыр қытай билігінің қудалауына ұшырайды. 1933 жылғы Дөрбелжің–Шәуешек көтерілісіне қатысып, Обырай мен Ұлтарақ ерекше ерлік көрсетеді. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін олар қайтадан қуғындалады. Қуғыншылармен болған шайқастардың бірінде Әбубәкір қаза табады. Обырай елге жасырын оралғанда, әйелі Қауияның тұтқынға алынып, Жың қаласының түрмесінде отырғанын біледі. Достарының көмегімен әйелін түрмеден босатып шыққанымен, соңдарынан қуғын түседі. Қауияны аман алып қалу үшін Обырай жауды бөгеп қалып, соңғы демі қалғанша шайқасады. Көптеген шерікті жойған батыр ақыры қолға түсіп, халық алдында өлім жазасына кесіледі. Ұлтарақ та кейін қолға түсіп, ұзақ уақыт түрмеде азап шегіп, 1941 жылы Шәуешекте қайтыс болады.