∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Қыз ұзатқандағы жылауы
Қолжазбаның жанры
Сыңсу
Қысқаша мазмұны
Қысқа-нұсқа айтылған сыңсуда қыз өз тағдырына наласын айтып, разы еместігін, малға сатылғаны туралы айтпағанынан оның өз еркімен ұзатылып бара жатқаны байқалады. Қайта бұл сыңсуда қыз анасынан тек сағындырмай келіп жүруін сұрап, өзі өскен босағасымен қоштасады.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Май сатушы саудагер.
Қолжазбаның жанры
Әңгіме.
Қысқаша мазмұны
Бір кісі базар аралап жүріп, май сатып тұрған саудагердің: «Көріңіздер, көріңіздер, алмасаңыз да дәмін татып көріңіз» деген сөзіне екі жеңін түріп, екі асаған екен, саудагер қалған майын ала қашыпты.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Қытай жігітінің сыйлығы.
Қолжазбаның жанры
Әңгіме.
Қысқаша мазмұны
Тайжан деген белгілі адам елдің бетке ұстар ақындары мен термеші жігіттерін ертіп, Атбасар жәрмеңкесіне барады. Өзі сырнаймен белбеулетіп ән салып, жиналғандардың назарына ілігеді. Осы жәрмеңкеде сырнайды құйқылжыта тартып, атын билететін қытай жігіті елге өнер көрсетіп жүреді. Тайжанды оның сырнайының жаңа әрі үнділеу екендігі қызықтырады. болады. Тайжан одан «Сенің атыңды билет алсам, не берер едің?» деп сұрайды. Жігіт атын тек өзі ғана билете алатынын айтады. Тайжан оның атын билетіп берсе, қытай жігіт сырнайын сыйға тартатын болып, екеуі бәс тігіседі. Тайжан өзінің сырнайымен небір әуенге салады. Бірақ ат билей қоймайды. Сосын, болмаған соң жігіттің сырнайын сұрап алып, нағашысы үкілі Ыбырайдың «Гәккуін» тамылжыта тартады. Сол-ақ екен, ат билей жөнеледі. Қытай жігіт егер дау туғызғысы келсе, Тайжанның алғашқы сәтте-ақ ұтылғанын әрі атты билеткен сырнай өзінікі екенін тілге тиек етер еді ғой. Бірақ ол Тайжанның асқан өнеріне риза болып, жаңа сырнайын сыйға тартады. Бұл сырнайды ақын ұзақ жылдар бойы айнымас серігі етеді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Қысқы қызылдарда.
Қолжазбаның жанры
Әңгіме.
Қысқаша мазмұны
Төрт баланың ішіндегі үлкені Әбеу деген кісі он үш жасынан бастап Қарағанды кенінде кіре тартты. Ол кездегі осы өңірдегі халықтың кәсібі сол еді, мыс зауытына көктас тасиды.