∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-ПОЭЗИЯ» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Шәкір -Шәкірат қиссасы
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Шәкір, Шәкірат атты ағайынды жігіттердің аянышты өмірі баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Шәкір — Шәкірат
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Шәкір, Шәкірат атты ағайынды екі жігіттің өгей шешеден, керуеншілерден, уәзірлерден кек алып, мұраттарына жеткені жырланады.
Қолжазбаның атауы
Шаһизада — Саламат
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Шаһзада патшаның баласы Олжастың Сақыпжамал сұлуға қосылу жолындағы күресі сипатталады.
Қолжазбаның атауы
Хасен — Жәмила
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Хасен де, Жәмила да кедей отбасында өскен. Жүніс деген бай Жәмилаға құда түседі. Хасен мен Жәмила келісіп, бірге қашады. Ел ішінде көтеріліс басталып, екі жас көтеріліске қатысады.
Қолжазбаның атауы
Үш жетім қыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Харон Рашид патша заманында ағайынды үш жетім қыздың ең кішісі Самсия қанша бейнет көрсе де, сүйген жігітіне қосылып, бақытты өмір сүреді.
Қолжазбаның атауы
Түкібай — Шолпан
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Шолпан атты қыз көп қиындықпен сүйген жігіті Түкібайға қосылады.
Қолжазбаның атауы
Опасыз ешен
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Жанат қыздың Сауда ишанға қарсы бостандық алу жолындағы күресі баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Болат-Жанат
Қолжазбаның жанры
Дастан
Қысқаша мазмұны
Гүлжанат атты қыздың бостандық алу жолындағы күресі суреттеледі. «Сауда ишан» дастанының бір нұсқасы.