«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-ПОЭЗИЯ» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Мұхаммед пайғамбар
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Діни қисса, тарихи аңыз, әпсаналарға толы жыр. Діни дастандар арқылы Ислам тарихын қазаққа сіңдіру жағы басым жатыр. Мұхаммед пайғамбар жырында аштық, ашаршылық және ондай бәледен құтылудың амал-тәсілін жақсы баяндайды. Адам баласы қанша аш болса да ұрлық жасап, күн көруге болмайтындығын жеткізіп айтқан. Тәрбиелік мәні бар үлкен проблемалар да діни қиссадан кең орын алған. Ғайыптан тілек орындалып, мақсатына жету үшін, Қызыр (қазақша Қыдыр) Ілияс пайғамбар күшімен жерге шаншып қойған аса таяқ басына шипалы жеміс пісірді. Мұхаммед жас бала кезінде жетім болып өседі. Жоқ-жітікті көп көреді. Жоқшылықтың зардабын тартқан Мұхаммед тойға киіп баруға киім таба алмай, жалаңаяқ, жалаңбас баруға ұялып отырған жері нақты мысал бола алады. Мұхаммед пайғамбар Әбу Жаһілді күресте жеңіп, Қадишаға үйленеді.
Қолжазбаның атауы
Пайғамбарлар туралы дастан
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Дастан пайғамбардың дін жолында жүргізген құрайыштармен арадағы соғыс жайын баяңдайды. Пайғамбардың қасына ерген ең алғашқы сахабаларымен Меккеден Мәдинеге кетуі және құрайыштардың басшыларымен соғысқаны баяндалып отырады. Пайғамбардың Меккені алып, онда Исламды орнатуымен жөне Мұхаммед пайғамбардьщ бүл дұниеден бақилыққа көшу тарихы сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Ошағанның бүлігі
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Тарбағатай тауын мекен еткен Байжігіт руынан шыққан Қамбар деген төре билеп, хан атанған екен. Қамбар төренің мұрагері Шотан төре Байжігіт еліне әкімшілік етеді. Шотан төре Арғынның атақты бір төресіне қызын ұзатпақ болып, Ошағанды әйелі, балаларымен құлдыққа бермек болады. Той болар кезде Ошаған қашып, сол кезде қолбасшы болған Сегізбай деген биге келіп, болған істі баяндайды, құтқар деп көмек сұрайды. Сегізбай басында Ошағанның арызын қабылдамайды. Кейін елмен кеңесіп, Шотанды ұстап, Ошағанның семьясын құлдықтан құтқарады.
Қолжазбаның атауы
Ораз молда
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Ораз молда ақылды, білімді болған. Бағдат шаһарында тұрған. Бір қызға үйленеді, бірақ көңілінен шықпаған соң, қоя береді. Сонан соң төрт жастағы бір қыз баланы асырап алып, бір аралда бөлек сарай салдырып, сонда ешкімге көрсетпей өсіреді. Қызды Ораз некелеп алады.
Қолжазбаның атауы
Нұршұра
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Пайғамбар 60 жасқа келгенде: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали, Арыстан Құсайын мен Хасенді және барша халықты жинап, өзі өлген соң таққа Әбубәкір, содан соң Ғұмар отырсын деп өсиет айтады. Әбубәкір әділдікпен 40 күн патша болады. Ол дүниеден өткен соң, таққа Ғұмар отырады. Нұршұраның балалары мұсылман дінін қабылдағысы келмейді. Нарбозды қарындастарының көзінше өлтіреді. Екі қызды дарга асуға бұйырады. Қыздарды дарға асуга өкеле жатқанда, алдарынан Ғазірет Ғали кез болады. Ғазірет Ғали қыздарды алып, оларды ақылмен дінге кіруге көндіреді. Ғұсман Нажмыш пен Мұхаммедтің некесін қиып, еқеуін қосады. Шаһарбан көп жігіттердің ішінен Ғалидың ұлы Кұсайынға ғашық болып, екеуі қосылады.
Қолжазбаның атауы
Назымбектің қиссасы
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қырымның атақты байы Жаныста бала болмапты. Ел ішіндегі өзара ұрыс, жанжалдың бірінде Жаныстар кісі өлтіріп кінәлі болады да, Орманбек ноғайлының жұртына, Асылбек хан атырабына көшеді. Осында келген соң Жаныстың әйелі де, Асылбектің әйеліде жүкті болады. Жаныс қызының атын Күлше, Асылбек ұлының атын Назымбек қояды. Екі бай құда болады. Бірақ, көп кешікпей Асылбек қайтыс болған соң, Жаныс «жетімге қыз бермеймін» деп уәдесінен айниды. Қырымға қайта көшеді. Бойжеткен Күлше Орманбеттен келген керуеннен Назымбекке сәлемдеме беріп жібереді. Қыз хабарын естіген, ғашықтықтан дертті Назымбек елімен ақылдасып қасына сайлап төрт жігіт ертіп, Қырымға аттанады. Жолда бұлар Күлшенің бір байдың ұлына ұзатылғалы жатқанын естиді. Ақырында Назымбек пен Күлше тілдеседі. Күлшені алғалы оіырған күйеуі ерікті, таңдауды қыздың өзіне береді. Назымбек пен Күлше армандарына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Нарқыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Нарқыз бен Нияз Мәмбетті хандықтан түсіріп, ел билігін Бала би мен Шоқайға тапсырады. Сөйтіп, Нияз бен Нарқыз қосылып, мұратына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Мың сауал дастаны
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Үрім патшасының әділ де, халыкқа сыйлы Мәлік атты патшасы, бір балаға зар боп жүргенде, халық тілегі қабыл болып, Мәлике атты сүлу, әрі ақылды қызы туылады. Мәлике жиырма жасқа толғанда әкесі өліп, алтын таққа қызы отырады. Бір күні Мәлике халқын жинап, өзінің мың түрлі сауалына жауап берген жігітке күйеуге шықпақшы болады. Ешкім шеше алмаған сауалдарды Түркістан топырағынан келген белгісіз бір мүсәпір жігіт шешіп, екеуі үйленіп, бақытты өмір сүреді.