«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ - ақындар айтысы» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібінің айтысқаны
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Бұл айтысқа 1913 жылдар шамасында бірнеше ақын қатысқан. Шораяқтың Омарының Әбішке жазғаны, Таубайдың Жүсібінің Әбішке жақтасып Шораяқтың Омарына жазғаны, Ыбыраш Ержанұлының Омарға жақтасып Таубайдың Жүсібіне жазғаны, Таубайдың Жүсібінің Ыбыпашқа жазғаны, тағы да осындай боп бірін-бірі жақтасқан айтыс көпке созылады. Айтыстың жалпы мазмұны бір-біріне ақыл-кеңес, ғибрат сөздер айтудан ары аспайды. Бір-бірмен орынсыз сөз таластыру жағы да өршіп отырады. Халық қамын, ел тауқыметін артқан, шаруа қамын, ел қамын, ерлер қамын ойлап айтқан, тебіренген терең ой айтыста байқалмайды. Ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов аралық сөз айтқан. Ел арасын шағыстырудан, егестен туған айтыс үлкен мазмұнға құрылмаған. Айтыс толық он бір буынды қара өлең үлгісімен құрылған.
Қолжазбаның атауы
Нұржан мен Бибісара қыздың айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
6-бетке көк сиямен түсірілген С. Әбілғазиннің мынадай жазуы бар: «Бұл өлең менің қолжазбамда 1940 жылы жазылған. Бибісара-Нұржанның әйелі. Қыз күнінде айтысып, содан кейін қосылған».
Қолжазбаның атауы
Нұржан мен Әміренің айтысы
Қолжазбаның жанры
Айтыс
Қысқаша мазмұны
Айтыс сол елдегі бір тойда өтеді. Нұржан қыз Әміренің ішсе асқа, мінсе атқа жарымайтынын, жалғыз атты кедейлігін, онысына қарамастан кербез салдығын қайтерсің деп кекетсе, Әміре қыздың кескінсіздігін, ағаларының мылжыңдығын бетіне басып, қызды өзіне теңгермейтіндігін айтады. Айтыста кім жеңіп, кім жеңілгені белгісіз.
Қолжазбаның атауы
Құлмамбет пен Бала Ораздың айтысы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы.
Қысқаша мазмұны
Кіші жүзде ел билеген Жиенбек деген мырза үш қыз ұзатып, үлкен той жасайды. Тойға Құлмамбет, Бала Ораз сияқты ақындарды шақырады. Құлмамбет пен Бала Ораз өздерін таныстыра келіп, той иесі Жиенбектің асқан байлығын, мықтылығын, әділдік-мырзалығын мадақтап, алма-кезек айтысады. Оған өмір, үзілмес бақыт, игі жақсылық тілейді. Бұрын баспада жарияланбаған.
Қолжазбаның атауы
Қашағанға Ізбас байдың айтқан сөзі, оған Қашағанның берген жауабы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы.
Қысқаша мазмұны
Жасы 80-ге келген Қашаған ақынға Ізбас бай тіл тигізе сөйлейді. «Қашқаныңа қоймайтын мына менмін, айтысайық», – деп өктеммен сөйлейді. Қашаған өз кезегінде байлықтың буына мастанған, жастықтың желігімен намысын қорлағысы келген Ізбастың кім екенін әшкере етеді. «Қобыланға тиіскен қарғадай болма», «Жапалақтың аң алғанын көрмеп ем», «Маған соқтығам деп елге бекерге күлкі болдың», – деп келемеждейді. Ізбастың айтқан бір ауыз өлеңіне Қашағанның жауабы ұтымды да өткір шыққан. Қашағанның сөзі – ақынның төкпелігін танытатын жолдар.
Қолжазбаның атауы
Қатаған мен Сүйінбайдың айтысы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы
Қысқаша мазмұны
Жинаушының айтуынша, бұл айтыс өткен ғасырдың 40-жылдарында, яғни 1844 жылдар шамасында болған. Елді төре тұқымдары, хандар билеген, ел арасы аласапыран кездегі алауыздықты жойып, татуласу үшін қырғыздың Орман ханы Тезек төреге хат жазып, елші жібереді. Қырғыздың манабы Алыбайдың асына қазақ жағына түгел шақырады. Қазаққа сый-құрмет жасап, елдікке, келісімге келуге өтінеді. Қазақ жағы мұны мақұлдап, Тезек төре бастаған қазақтың атақты батырлары мен сұлтандары, билері осы асқа келеді. Бұл асқа Тезек төре жиын топтарда сыннан өткен Сүйінбай ақынды ертіп алады. Қырғыздар жағы қырғыздың даңғыл ақыны Қатағанды әкеледі. Жиналған топ екі ақынды айтыстырады. Айтысушылар қазақ пен қырғыздың ата-тегін айта келіп, елдігін, сән-салтанатын мақтап, мадақтайды, намысқа тиетін сөздерді айтып, бірін-бірі кемітеді. Ақырында Сүйінбай орынды сөзімен Қатағанды жеңеді. Қырғыз жағы Сүйінбайға сұраған жолын беріп, қазақтарды бір ай күтіп, қонақ қылып қайтарыпты.
Қолжазбаның атауы
Кете Жүсіп пен Жұбанияз, Құлназар айтысы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы
Қысқаша мазмұны
Бұл айтыс Жұбанияздың жесірі Мархабат үшін болады. Кете Жүсіп көңіл білдіріп, Мархабатқа өлеңмен хат жазады. Оны естіген Жұбаниязы өлеңмен Кете Жүсіпке тиіседі. Кете Жүсіп жауап қайырады. Бұл арада Құлназар араласып, ол да өлең жазады. Бұл бір тұтас айтыс емес. Жазысқан хат түріндегі егес қана.
Қолжазбаның атауы
Кете Жаскілең мен адай Қалнияздың айтысы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы
Қысқаша мазмұны
Екі ақын өз руларының батырларын, шешендерін мадақтап, қарсыласын мұқата сөйлейді. Қалнияздың жауабы дәл, өткір шығады.