∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыз жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыз жыры
3. Авторы (Айтушы)
Жұмағұлқызы Діләпараз — бұрынғы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Н.Әбдіров атындағы ауылдың тұрғыны. Өзінің айтуы бойынша 1905 жылы Сәмембет деген жерде дүниеге келген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Рахымов Берік. Ол туралы мәлімет 6-сипаттамада берілген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш. 964 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.20. 28х20; 17х20х5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Еуропа цифрымен беттелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Сыңсу
12. Қысқаша мазмұны
Ұзатылып бара жатқан қыздың үй-ішімен, ел-жұртымен қоштасқанда айтқан сыңсуы. Құрбыларына, малға сатқан ағасына да жыр арқылы өкпесін, назын айтады.
13. Басы:
Жылқы ішінде керім-ай, Маңдайдан аққан терім-ай.
14. Соңы:
Ағалаған қу күнім, Малға да саттың бағалап.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов