∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ұзатқан қыздың өлеңі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ұзатқан қыздың өлеңі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Кәрібаев Шайхы — ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ел арасынан жинаған қолжазбаларды М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына өткізген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жылы қорға тапсырылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ.
7. Шифры
Ш. 879/8 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.10; П.10; Ж.72; 19х14; 10х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Блокнотқа көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Сыңсу, жар-жар, беташар
12. Қысқаша мазмұны
Айтушы үйлену ғұрпы өлеңдеріне жататын сыңсу, жар-жар, беташарды қысқаша жырлаған. Арасында қыздың анасы мен жеңгесінің қоштасу жырлары да бар.
13. Басы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар, Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
14. Соңы:
Некесізден хан туып, Қайран қазақ тозғаны.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов