∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыздың ата-анасына өкпесі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыздың ата-анасына өкпесі
3. Авторы (Айтушы)
Шығыс Түркістаннан келген қазақтардың айтуы бойынша жазып алған
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қ., Сүлейменқызы Д.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1996 жылы «Түркістан фольклор экспедициясы» кезінде Түркістан қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/108 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П.4; Ж.58; 19,5х13; 12х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін қойын дәптерге көк сиямен жазылған..
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Сыңсу.
12. Қысқаша мазмұны
Мәтін қысқа-қысқа 6 бөлімнен тұрады. Олар «Қыздың-ата анасына өкпесі», «Туған жерімен қоштасу», «Қыздың жеңгесімен қоштасуы», «Елімен қоштасу», «Қоштасу», «Қызға айтқан анасының сөзі». Көркемдігі жоғары, мағынасы терең сыңсулардың бірі.
13. Басы:
Шымылдықты көтерші, көрсін көкем, Көздің жасын көл қылып төксін көкем.
14. Соңы:
Ренжи көрме, перзентім, Бқл да сенің қызығың.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов