∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыз ұзатқандағы жылауы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыз ұзатқандағы жылауы
3. Авторы (Айтушы)
Түгелбаева Несіпжан – Қарағанды облысы, Шет ауданынынң тұрғыны. 1956 жылы туған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қашқынбеков Өміржан. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш. 146/3 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П. 2; Ж. 16; 16,5х20; 14х7
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін торкөзді оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде жазылған.
11. Жанры
Сыңсу
12. Қысқаша мазмұны
Қысқа-нұсқа айтылған сыңсуда қыз өз тағдырына наласын айтып, разы еместігін, малға сатылғаны туралы айтпағанынан оның өз еркімен ұзатылып бара жатқаны байқалады. Қайта бұл сыңсуда қыз анасынан тек сағындырмай келіп жүруін сұрап, өзі өскен босағасымен қоштасады.
13. Басы:
Алтын менің босағам, Аттаттың ба, Жасаған?
14. Соңы:
Артымдағы бауырым, Көре алмадым қызығын.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов