∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сегіз сері мен Мақпал сұлу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сегіз сері мен Мақпал сұлу
3. Авторы (Айтушы)
Жанқисса (Жанкісі) жырау
4. Жинаушы, тапсырушы:
Биғожин Қаратай.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1974 жылы Жезқазған қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ.364-бума, 3-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Беті — 6-11; Жол саны — 20. Өлшемі: 19,5×15,8; 19×15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарманың 25 шумағы шақпақты дәптерге көк сиямен, қалғандары ақ қағазға қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Ғашықтық жыр.
12. Қысқаша мазмұны
Сегіз Мақпалмен кездесіп жүрген кезде Сыр бойында болады. Өгей шешесі қайтыс болған соң туған жері Арқаға оралады. Ол кеткеннен кейін Мақпал қатты сағынады. Осы уақытта қарақалпақ Жабы бай Сыр бойына көшіп келеді. Қыздың әкесі Сегізді кедей әрі жалғыз деп менсінбей, Мақпалды Жабыға ұзатады.
13. Басы:
Сөйлесең сөз шығады лебізінен.
14. Соңы:
Түскендей әрқашан да ілтипаты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова