∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыз көретін жігітті біз көрейік

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыз көретін жігітті біз көрейік
3. Авторы (Айтушы)
Ғалымжан Мұқатов.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ш.Дүйсекеев.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1958 жылы тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Қ.142, 8-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Беті — 2; Парағы — 2; Жол саны — 20. Өлшемі: 28,5х20,5; 16х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкаға кирилл әрпінде басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде.
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бір сері жігіт үйленуге қыз таңдап, ешкімді жақтыра қоймапты. Өзі Балқашты мекендейтін сарыүйсіндердің жігіті екен. Ақыры Қудағы қаракесек, шаншар ауылдарының біріне келеді. Мұнда бір орта шаруа адамының төрт қызы бірдей сұлу, шешен екен. Жерлес жігіттер қанша қызығып, құмартса да өнер асыра алмай, сөз айта алмай жүріпті. Үйсін жігіт қонған үйінің иесі жөн сұрағанда: «қыз көрейік деп едік» десе керек. Шаншардың төрт сұлу қызы оны түнде естіп, таңертең «қыз көретін жігітті біз көрейік» деп, қонақтар ақ отауда отырғанда өздері кіріп келеді. Төрдегі серіні байқаса, мұрны қоңқақ, жағы сопақтау екен. Осыны байқаған төрт қыз жігіттің мұрнының қоңқақтығын әсірелеп, өлеңмен айтып қағытады. Мұны естіген сері жігіт қыз көрмек түгілі ұялғанынан сөз таба алмай, еліне қайтып кетіпті.
13. Басы:
Балқаштағы сарыүйсіндердің бір сері жігіті рулы елден қыз таңдап, жақтырмапты.
14. Соңы:
Қыз таңдаған жігіт бетінен оты шығып, үндей алмай, қайтып кетіпті.
15. Қосымша мәлімет
Әңгімелерді ел аузынан жазып алған – Ш.Дүйсекеев.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова