∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шәкір, Шәкірат

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шәкір, Шәкірат
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Кәмила Молдафина
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылғы Шығыс Қазақстан экспедициясы. Экспедиция мүшесі – Б.Уахатов.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
199
8. Бет, жол саны, өлшемі
27; 36; 20×15,5; 19,2×12,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор дәптерге көк сиямен, жартылай күлгін сиямен кирил әрпінде жазылған. Бірінші беттің бірінші жолы қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл
11. Жанры
дастан
12. Қысқаша мазмұны
Қиянат жасаған өгей шешеден, керуеншілерден, уәзірлерден кек алып, ағайынды екі жігіттің мұратқа жеткені баяндалады. Толық емес.
13. Басы:
Не болды, патша айтты қатын сырын
14. Соңы:
Сол суға бір адамды салушы едік.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан. Дәптердің сырты ақ қағазбен қапталып, жөндеуден өткен, беттері ескіріп, шеттері жыртылған. Кейбір бетінде жазу сиясы өшіріңкіреген. Мәтіннің басы мен аяғы жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш