Ілгері замандарда Шах-Шах Кал атты тазша өмір сүріпті. Оның асқан сұлу әйелі бар екен. Оған сол ел патшасының ұлы ғашық болыпты. Патша ұлы қанша сөз салғанымен, әйел маңына жолатпайды және еріне оның ниетін жеткізіп қояды. Шах-Шах таз бұзық әрекетке барып, өзі жоқта үйіне келген патша мұрагерін өлтіреді. Оның өлігін көрші бай қызының қойнына салып кетеді. Бай жалынып таздың көмегін сұрайды да, ақысына мың ділдә береді. Таз сол түні өлікті патшаның ауласына әкеліп, тік тұрғызьш кетеді. Ақыры амалын тауып патшаның көңілінен шығып, уәзірлік мансапқа қол жеткізеді.