∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қалқаман-Мамыр / قالقامان – مامىر

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қалқаман-Мамыр / قالقامان – مامىر
3. Авторы (Айтушы)
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғалкин Ибрахимұлы. Семей облысы, Ақсуат ауданында тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1966 жылғы Семей экспедициясы. 1966 жылы Семей облысы, Аягөз ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
668, 2-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 7–20; Б. 13; Ж. 16; 16,5×21; 13×18,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк сиямен жазылған. Қолжазба ақ жіппен тігілген.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Ғашықтық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Қалқаман мен Мамыр бір-бірін сүйіп, бірге қашуға келіседі. Әнет бастаған ел ақсақалдары істі малмен бітірмек болғанымен, Мамырдың ағасы Көкенай оған көнбейді. Көкенайдың оғынан жараланған Қалқаман аман қалады, бірақ еліне өкпелеп, Бұқара жаққа кетеді.
13. Басы:
Қолыма қалам алсам өлеңдетіп…
14. Соңы:
Бұл елге айта қалсын сонан қалған.
15. Қосымша мәлімет
Мазмұны Төлеухан Әбитұлы нұсқасымен бірдей.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев