∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қалқаман-Мамыр.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қалқаман-Мамыр.
3. Авторы (Айтушы)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931). Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туып-өскен.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Төлеухан Әбітұлы. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тойынты селосынан.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тойынты селосында қағазға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
837, 2-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1–12; Б. 12; Ж. 28; 21×30; 14×26
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Ғашықтық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Қалқаман мен Мамыр бір-бірін сүйіп, бірге қашуға келіседі. Әнет бастаған ел ақсақалдары істі малмен бітірмек болғанымен, Мамырдың ағасы Көкенай оған көнбейді. Көкенайдың оғынан жараланған Қалқаман аман қалады, бірақ еліне өкпелеп, Бұқара жаққа кетеді.
13. Басы:
Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық…
14. Соңы:
Білмейді ұрпақтары мұны мүлде.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев