∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қаһира – Таймыс қиссасы / قاھيرا – تايمىس قىسساسى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қаһира – Таймыс қиссасы / قاھيرا – تايمىس قىسساسى
3. Авторы (Айтушы)
Қыпшақпай ақын. Омбы облысы, Москаленко ауданынан. XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бейсенов Әмір.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1942 жылы Омбы облысы, Москаленко ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
568, 2-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 15; Б. 30; Ж. 36; 29×21; 20×15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Елу жастан асқанда перзент көрген араб патшасы мен уәзірінің ұлдары бірге өсіп, білім алады. Сұлу ханша туралы естіген достар оны іздеп алыс елге аттанады. Ханша басқаға ұзатылғалы жатқанда, достарының бірі әйелше киініп, оның орнына барып, қызды алып қашады. Көп қиындықты жеңген достар екі патшаның қызымен қосылып, мұраттарына жетеді.
13. Басы:
Бір патша бұрын өткен Бағдатта…
14. Соңы:
Кеңесіп, ақылдасып қаламыма.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев