∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жосалы батыр мен Қармақшы ата

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жосалы батыр мен Қармақшы ата
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сейітқасимов Миняладин.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 жылы, 1-қаңтарда Қызылорда қаласында жазылған. 1962 жылғы Қызылорда экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
351, 24-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1–32; Ж. 49; 29×20; 23,5×8,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына жазылған. Қолжазба түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Қаһармандық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Бір бала әкесі мен шешесі өлгеннен кейін жалғыз өзі жетім қалады. Сыр бойын жағалап, аш жүрген кішкене баланы үш жасқа дейін Дихан ата мейізбен асырап өсіреді. Осылай жүріп ол аңшыларға жолығып, олардың кәсібін үйренеді. Бір күні Қармақшы атаға жолығып, осы кісінің қолында тұрақтайды. Жосалы он екі жасында аңшылықта жүріп, арыстан мен құлан атып алып, барлық кедейлерді жинап алып әбден тамаққа тойғызады. Риза болған олар Жосалыға батыр деген атақ беріп, «өзіңе ат сатып ал» деп ақша жинап береді. Олардың жинаған пұлын алып, Жосалы базарға келеді. Осы жерден өзіне ат сатып алып, еліне оралады. Кейін Қармақшының таңдап берген қалыңдығы – Күлзираға үйленеді.
13. Басы:
Бір бала әкесі өлген жетім қалды…
14. Соңы:
Осымен бітті аяғы.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев