∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жетім Мәриям / جەتىم ماريام

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жетім Мәриям / جەتىم ماريام
3. Авторы (Айтушы)
Жыршысы: Машрап Ауылбеков.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Әминов Нұғман.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы Павлодар облысында жазылған. Қорға 1956–58 жылдары тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
341, 3-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1–50; Ж. 26; 20,5×33,5; 18,5×27,7
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған. Қолжазба ақ қағазбен тысталып, ақ жіппен тігілген.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Ғашықтық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Дастанның оқиғалар желісі малға сатылып, сүймеген адамға әйелдікке барған Мәриямның трагедиясын баяндауға құрылған. Мәриям әке-шешесінен жастай жетім қалып, әкесінің інісі Нұрқанның қолында өседі. Нұрқан мол қалыңмал алып, Сүлеймен деген кісінің жарымжан, ақыл-есі кем баласына Мәриямды ұзатып жібереді. Ол жақта сан қорлық көрген Мәриям еліне қайтып келеді. Ғалым деген жігіт Мәриямға ғашық болып қалады. Бірақ екі жастың бас қослуына көп кедергілер жасалады. Мәриям сүйген жарынан тірідей айрылып, қайғы-қасіретке ұшырап, жүрегі жараланған Мәриям өмірден өтеді.
13. Басы:
Қазақта қалмай жүрген ата салты…
14. Соңы:
…мұратына жете алмай жетім Мәриям қайтыс болады.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев