Армұз шаһарының патшасы Жаһанша мен уәзірі Халибша балалары болса, оларды құда етпекке уәделеседі. Тілектері орындалып, Жаһангер мен Гүлейша дүниеге келеді. Жаһанша қайтыс болған соң, Халибша сертін бұзып, Жаһангерді қуып жібереді. Жаһангер бұрынғы уәзірлері Сыдық пен Ғасырдың көмегімен Халибшадан кегін алып, кейін онымен татуласады. Ол Қызылбастың батыры Еренді жеңіп, інісі Мірді Армұздан қуып, ақырында Гүлейшаға үйленеді.