∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жауһар Шұнас

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жауһар Шұнас
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бөлеев Әбдіраман.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Жезқазған облысында арабшадан кирилл әрпіне түсірілген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1092
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 61–83; Ж. 26; 20×28; 14,5×2,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Иемендік саудагер Жауаршонаш жалғыз қызын сандықта жасырып өсіреді. Қызы белгісіз заттың дәмін татқаннан кейін жүкті болып, ұл туады; әкесі оны ғажайыппен келген деп, Әбенғайып атайды. Ақылды болып өскен Әбенғайып саудагерлермен бірге Самақ қаласына барады. Онда астаудағы балықтың Камажай сұлудың сөзіне неге күлгенін түсіндіріп, қыздың әкесі Камал уәзірді алдап, жігіттерді сандыққа жасырып жүргенін ашады. Камал қызын жазалап, Әбенғайыпқа мол сыйлық беріп, еліне қайтарады.
13. Басы:
Йеменде бір саудагер болған еді…
14. Соңы:
Қыздықпен той атағы болды.
15. Қосымша мәлімет
Мазмұны Жауаршонаш хикаясымен бірдей.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев